Алматы облысында учаскелік инспекторға пышақпен шабуыл жасалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында учаскелік инспекторға пышақпен шабуыл жасалды

444

Smiley face

Фото kolesa.kz

Алматы облысында полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған 26 жастағы ер адам ұсталды, ол қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

22 қазан күні Сарқан қаласында учаскелік инспектор отбасылық жанжал фактісі бойынша шақыртуға келді. Мас жігіт полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оған асүй пышағымен екі рет жарақат салған. Алайда полиция қызметкерлері оны қарусыздандырып, жергілікті аудан бөліміне жеткізді.

"Анықталғандай, учаскелік полиция инспекторына күдіктінің анасы қоңырау шалып, мас күйінде үйде жанжал шығарған ұлына шағымданған. Күдікті 2011 жылы полиция қызметкерін өлтіруге оқталғаны үшін сотталып, өткен жылдың желтоқсан айында "шартты түрде мерзімінен бұрын" босатылған. Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Дерек бойынша тергеу жұмыстарын облыстық департамент ерекше бақылауға алды",- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкеріне қарулы шабуыл жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы, 99-бабы, 2-бөлімі "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық тергеу қозғалды.

"Бұл жерде қарулы қаскүнемнің кенеттен жасаған шабуылына дереу әрекет етіп, қапыда қалмай оны  қарусыздандырып, және серіктесінің көмегімен тұтқындаған полиция қызметкерінің дайындығын атап өту қажет. Айта кететіні, пышақ жарақатын алған полиция офицері медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Яғни, ол қазір еңбекке уақытша жарамсыз. Бір-екі күннен кейін учаскелік инспектор өз міндеттеріне кіріседі", - деп толықтырды облыстық полициядан.


Көзі: yunews.kz