АОСК-ның таеквондошысы Қытайдағы Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АОСК-ның таеквондошысы Қытайдағы Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алды

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

ҚР Қорғаныс министрлігінің Армияның орталық спорт клубының спортшысы  кіші сержант Руслан Жапаров Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын алғашқы алтын медальмен толықтырды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Шешуші кезеңде армияшы 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік спортшы Владислав Ларинді ойсырата жеңді.

«Тартысты әрі ымырасыз бәсекеде Руслан керемет дене даярлығын, шеберлігі мен ерік күш-жігерін паш етті. Жоғары деңгейдегі аталмыш марапат отандық армиялық спорттың салмақты әлеуетінің куәсі, Қазақстан Қарулы Күштерінің халықаралық беделін нығайтуда қомақты үлес болды», - деді таеквондодан ҚР ҚК құрамасының капитаны майор Анвар Үсенов.

Естеріңізге сала кетсек,  VII жазғы CISM Бүкіләлемдік әскери ойындары (Халықаралық әскери спорт кеңесі)  спорттың 27 түрінен өтіп жатыр. Оған әлемнің 109 елінен 9308 мықты әскери спортшы  қатысуда. Спортшылар спорттың 27 түрінде 329 жиынтық жүлдені ойнатады. Қазақстан спорттың 11 түріне қатысады. Атап айтқанда, таэквондо, еркін күрес, дзюдо, оқ ату, бокс, грек-рим күресі, заманауи бессайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика және пентатлон.  Құрамамыздың құрамында 103 әскери спортшы.


Көзі: yunews.kz