Ұлттық гвардияның кинологы қызметтік иттің көмегімен қылмыскерді қолға түсірді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық гвардияның кинологы қызметтік иттің көмегімен қылмыскерді қолға түсірді

444

Smiley face

Фото Ұлттық ұлан

Кеше кешке Жезқазған қаласының "102" телефонына жедел жәрдем диспетчерінен қала дүкендерінің бірінің жанында жас жігіттің пышақ жарақатын алғаны туралы хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы аталған фактіні растады. Өкінішке орай, жас жігіт жедел жәрдем көлігі келгенше алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қылмыскерді ізін суытпай іздестіру үшін полиция қызметкерлерінің өтініші бойынша Ұлттық гвардияның кинологы ефрейтор Алмат Ахметжанов Афина атты қызметтік итімен іздестіру жұмыстарына тартылды. Оқиға орнына келген соң, кинолог өзінің төрт аяқты досымен иіс алып, із кесуге кірісті. Оның барысында қызметтік ит қылмыс орнында шашылған түрлі номиналдағы монеталарды иіскеп, оқиға орнынан батыс бағытқа қарай жүрді. Біраз уақыттан кейін ит жедел-тергеу тобын көп қабатты үйдің кіреберістерінің біріне әкелді. Кинолог Армат Ахметжанов қызметтік иттің іс-әрекетінің дұрыстығына көз жеткізу мақсатында Афинаны қылмыс орнына қайта әкелді. Нәтиже ұзақ күттірмеді. Ит тергеу тобын қайтадан сол үйдің алдына алып келді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін полиция қызметкерлері үйдің кіреберісінде жасырынған күдіктіні ұстады. Мән-жайларды анықтау кезінде ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Жезқазған қаласының  тергеу абақтысына қамалды.


Көзі: yunews.kz