Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған павлодарлық тұрғынды ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған павлодарлық тұрғынды ұстады

444

Smiley face

Фото Павлодар қ. ПД

23 қазан күні түнде сағат 02-50-де Павлодар қаласында 1 мамыр көшесіндегі үйдің ауласында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 41 жастағы павлодарлықты қолға түсірді,  одан 15 дана бекіре тұқымдас балық, 2 қармақ және балық аулау құралдары алынды, деп хабарлайды Павлодар қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерек бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

Павлодар облысы аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 5-31 қазан аралығында "Браконьер" жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 101 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Браконьерлердің заңсыз әрекеттерінен келген жалпы шығын 10 млн теңгені құрады. Аңшылық-балық аулау шаруашылықтарының аумақтарында 639 аңшы мен балықшы тексерілді.

Полиция қызметкерлері 47 заңсыз аң аулау және аң аулау ережесін бұзу, 50 балық аулау ережесін бұзу, 3 заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтады.

Сонымен қатар, табиғат қорғау полицейлері Павлодар-Шарбақты автожолында Арбиген ауылының маңында 50 жастағы ауыл тұрғыны басқарған ВАЗ-2121 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонында полиция қызметкерлері ТОЗ-8 маркалы ұсақ калибрлі карабин тапты. Ер адамның карабинге тиісті құжаттары болған жоқ. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары жедел іс-шаралар барысында 102 тәртіп бұзушы мен 5 көлік құралын ұстады.

187 килограмм балық тәркіленді,сондай-ақ құқық бұзушылық жасау құралдары алынды.


Көзі: yunews.kz