Қарағандыда кішкентай бала ине жұтып қойған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда кішкентай бала ине жұтып қойған

444

Smiley face

Дәрігерлердің мәліметінше, бір жарым жастағы қыз ата-анасымен бірге қонақта болған кезде бөгде заттарды жұтып қойған. Дәрігерлер шұғыл операция жасады. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургтары қыз баланың асқазанынан 3 ине, он екі елі ішектен – екі ине алып шықты. Фиброгастродуоденоскопия сәтті өтті. Бала қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

"Инелер жіңішке, өткір болғандықтан, олар шырышты қабатқа немесе асқазанға немесе он екі елі ішекке қадалып, қалып қоюы мүмкін еді. Одан әрі, ішекті тесіп, перитонит тудыруы да мүмкін. Кез келген басқа заттарды жұтып қойсаңыз салдарлары осындай болады. Шырышты қабаттың ісіну есебінен, жаралар мен ойықтар пайда болуы мүмкін", - деді Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирург-эндоскописі Медет Омаров.

Биылғы жылы эндоскопистер осы тәрізді 50 операция жасады. Олар балалардың  асқазанынан не таппады дейсіз... – монеталар, шегелер, сақиналар, батарейкалар, түйреуіштер, танамоншақтар алынды.  Дәрігерлердің айтуынша, олардың ең кішкентай пациенті – жаңғақ жұтып қойған бес айлық бала. Ал 14 жасар қыз тігін инесін кездейсоқ жұтып қойған.


Көзі: yunews.kz