Шетпеде тас өндіретін 6 карьер сот шешімі бойынша жабылуы мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шетпеде тас өндіретін 6 карьер сот шешімі бойынша жабылуы мүмкін

444

Smiley face

Фото экология департаментінен алынды

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының маңайында құрылыс тастарын өндіруші 29 карьер орналасқан. Тас өндіретін осыншама кәсіпорынның  салдарынан ауылда жиі шаң көтеріледі. Ауыл тұрғындары барлық инстанцияларға бірнеше рет шағымданды, алайда ауқымды тексерулер тек осы жылы басталды.

Прокурорлық әрекет ету актісі нәтижесінде, Маңғыстау облысы экология департаменті «МКДСМ» АҚ, «ТАС» ЖШС, «Теміртас-1 ЖШС, «Аян-Ақтау ЖШС, «ДИС» ЖШС және «Бай-Бег» ЖШС-ге Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамаларының сақталуы жөнінде жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Инспекторлық тексерулер көрсеткендей, экологиялық заңнамалардың өрескел бұзылуына 6 карьер тарапынан жол берілгендігі анықталды.

«Мәселен, барлық дерлік кәсіпорындарда тас құрылысын өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы және экологиялық рұқсатнама болмай шықты. Жобалық шешімдер де орындалмаған, яғни шаң басу шаралары жүргізілмеген. Тексерулер нәтижесінде барлық компанияларға әр түрлі сомаларға айыппұл салынды, тек бір кәсіпорынға 1 млн теңгеден астам шығын есептелді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.

Тексеру қорытындысы бойынша жоғарыда аталған 6 карьерде экологиялық құжаттарды кері қайтару және уатқыш қондырғыларды уақытша тоқтату жөнінде талап-арыз енгізілді. Сонымен қатар қалған кәсіпорындар бойынша талдау жүргізілді және прокуратураға тағы 12 карьердің қызметіне тексеру жүргізу туралы өтініш жіберілді.

Сонымен қатар, уатқыш қондырғыларды 25 қарашаға дейін Шетпе ауылынан 10 шақырым жерге көшіру, сонымен бірге шаң көтеретін материалдар тасымалданып келген 2 автожолды жабу туралы шешім қабылданды.


Көзі: yunews.kz