Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларының дүкендерінде талапқа сай емес сүт өнімдері табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларының дүкендерінде талапқа сай емес сүт өнімдері табылды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалалары дүкендерінің сөрелерінде жасанды  импорттық сүт өнімі табылды.

"Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша Ресей Федерациясының «ВиммБилльДанн» ААҚ, «Данон Россия» АҚ, «Белмолпродукт» ААҚ, «Молпродукт» ЖШҚ, Агрофирма «Верхний Услон» ЖШҚ, Беларус Республикасының «Савушкин продукт» ААҚ, «Молодечненский молочный комбинат» ААҚ, Украинаның «Андрушевский маслосырзавод» ЖШҚ, Қырғыз Республикасының «Ак –сут» АҚ, Францияның «Loctalis International Lean Jaurts», Литва Республикасының «Рокишкио пиено гамиба» ЖАҚ, Молдова Республикасының IM «Fabrica de Brinzetundin Soroca», сондай-ақ басқа да бірқатар өндірушілердің сүт өнімдері өз атауы мен өнімнің майлы бөлігінің майлы-қышқыл құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмейді",- деп хабарлады ҚР ДСМ ТҚСҚБК  баспасөз қызметі.

Өндірушілер өсімдік майларының пайдаланылғанын көрсетпей, техникалық регламенттердің, азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің бірқатар талаптарын бұзып, тұтынушыларды жаңылдырған.

Қазіргі уақытта ТҚСҚБК сәйкес келмейтін барлық өнімдерді айналымнан алды.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңға" сәйкес сатып алушылар сатушыдан денсаулыққа келтірілген зиянның барлық шығындарын өтеуді талап етуге құқылы.


Көзі: yunews.kz