Қазақстандық каратеші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық каратеші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

444

Smiley face

Фото Оlympic.kz

Чилидің Сантьяго қаласында каратеден кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әлемдік додадағы алғашқы жүлдені Рауан Амантайұлы жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz

Қазақстандық спортшы «ката» санатында сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл аталған санат бойынша қазақ каратесінің тарихындағы алғашқы жүлде саналады. 

Алтын жүлдені түркиялық Фуркан Қайнар, күмісті мысырлық Хусейн Мохамед, тағы бір қола медальді венесуэлалық Фернандо Замбрано еншіледі. 


Көзі: yunews.kz