Жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті оны үйіне жеткізіп, ізін суытқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті оны үйіне жеткізіп, ізін суытқан

444

Smiley face

Осыдан екі ай бұрын Алматы облысының полицейлері Үштөбе қаласының ауруханасына жарақаттанған әйел жүгінгеннен кейін жол-көлік оқиғасы болғанын анықтады. Белгілі болғандай, бір күн бұрын оны «Мерседес»  маркалы автокөліктің жүргізушісі қағып кеткен. Полиция мен дәрігерлерді шақырмастан ол зардап шегушіні үйіне апарып, өзі бой тасалаған. 

Жәбірленуші қағып кеткен автокөліктің мемлекеттік нөмірін есіне түсіре алмады, бірақ оның түсі мен маркасын айтты. Қаратал аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізді, оның қорытындысы екі айдан кейін ғана болды. Анықталғандай, іздестірілген "Мерседес" жергілікті тұрғындардың біріне тиесілі болған, ол адам жаяу жүргіншіні қағып кеткен соң Алматыға қашып кеткен. Қазір күдікті құрықталды және аудандық бөлімге жеткізілді",- деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын мойындаған айғақтар бар. Әзірге 23 жасар күдіктіге қатысты "Келу туралы міндеттеме" бұлтартпау шарасы таңдалған.


Көзі: yunews.kz