Елордада автобустың жануына электр сымының қысқаша тұйықталуы себеп болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада автобустың жануына электр сымының қысқаша тұйықталуы себеп болған

444

Smiley face

Бүгін таңертең елордада автобус өртенді.

"№51 автобус бағыт бойынша келе жатқанда аялдамаға жетпестен автобустың артқы жағында түтін шыққан, жүргізуші дереу тоқтап, жолаушыларды автобустан шығарған. Кейін өрт басталды. Өрттің алдын ала болжамы – электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлады Astana LRT Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры.

Барлық материалдар оқиға орнынан алынып, сараптамаға жіберіледі. 

"Автобустың өзінде техникалық байқау 05.12.2019 жылға дейін жарамды. Жоспарлы тексеру 17.10.2019 жылы өткізілді. Рейс алдындағы тексеру бүгін сағат 06:15-те өткізілді", - деп нақтылады Astana LRT Жұртшылықпен байланыс департаментінде.


Көзі: yunews.kz