Үздік стартаптар, жетістіктер мен жобалар Digital Health Astana 2.0 көрмесінде ұсынылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үздік стартаптар, жетістіктер мен жобалар Digital Health Astana 2.0 көрмесінде ұсынылды

444

Smiley face

Фото ҚР ДСМ

Бүгін Нұр-Сұлтанда EXPO аумағында Digital Health Astana 2.0 көрмесі басталды. Алаңға жастар, бизнес және  мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Үздік сарапшылар өздерінің стартаптарын, жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерін, сондай-ақ бионикалық протездер, электрондық рецептердің ақпараттық жүйесі, ақылды стетоскоп және т.б. сияқты жобаларын таныстырды.

Бүгін іс-шара аясында қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік мамандармен стратегиялық әріптестігі жөніндегі сессия өтуде.

"Мен осы бағытта инвестиция салатын университеттердің басшыларына ризамын. Өткен жылы біздің университеттеріміздің шетелдіктермен келісімшарттарға қол қою циклін аяқтадық. Биыл біздің жобаларымыз бірінші жыл нәтижелі іске асырылуда. Бүгінгі таңда жаңа міндет қойғым келеді – қазірден бастап басқа елдерден келген әріптестердің тәлімгерлігі аясында бұл әріптестікті кеңейту туралы ойлану керек, бұл бірлескен оқыту бағдарламалары, докторантура, магистратура, резидентура", - деді өз сөзінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.


Көзі: yunews.kz