БҚО-да заңсыз тағайындалған АӘК-тен 10 миллион теңге бюджетке қайтарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БҚО-да заңсыз тағайындалған АӘК-тен 10 миллион теңге бюджетке қайтарылды

444

Smiley face

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында 11 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Қайырғали Надырғалиевтің айтуынша, өңірде АӘК тағайындау үшін адамдар өз табысын жасырған фактілер кездескен: біреу жеке кәсіпкер, біреу жеке үйде тұрып, көлікпен жүреді, және оның үстіне мемлекеттен АӘК алады.

"Мұндай фактілер Жаңғалы, Бөрлі аудандарында және Орал қаласында кездесті.  Барлығы 3 046 отбасы тексеруге жатады", - деді Қайырғали Надырғалиев.

Айта кету керек, аталған барлық отбасыларға көмек беруден бас тартылмаған. Бүгінгі күні табысының көбейгені анықталған 1 091 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды. 99 отбасына төлем тоқтатылды және 1620 отбасына кірістегі өзгерістерге байланысты қайта есептеу жасалды. АӘК заңсыз алған адамдарға бұл ақшаны мемлекетке қайтару қажеттігі туралы ұйғарымдар берілді. Бюджетке 10 миллион теңге қайтарылды.


Көзі: yunews.kz