Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлерінің жұмыстан босату туралы өтініштеріне қол қойылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлерінің жұмыстан босату туралы өтініштеріне қол қойылды

444

Smiley face

Атыраудың перинаталдық орталығында тірі сәбидің өліміне байланысты жанжалды оқиға жалғасуда. Орталықтың жетекшісі ұсталғаннан кейін 31 дәрігер өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды. Келіссөздер нәтижесінде үш дәрігер өз өтініштерін қайтарып алды, қалғандары өз шешімінен бас тартпады. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, орталықтың 28 дәрігері 7 қарашаға дейін жұмыс істейтін болады.

«Орталықтың жұмысына мұндай кадрлық өзгеріс әсер етпейді, өйткені бұл жағдайды алдын ала болжай отырып, біз көрші аймақтардағы әріптестерімізбен бізге мамандар жіберу жайлы келісім жасағанбыз. Басқа да шараларды қарастырудамыз", - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Атыраудың дәрігерлер тірі туған шақалақты тоңазыту камерасында  қалдырған.

Кейін белгілі болғандай, Атыраудың перинаталдық орталығының 31 дәрігері БАҚ және әлеуметтік желілердегі қауесетке байланысты жұмыстан кетуде.

Ауқымды тексеруден кейін Атырау перинаталдық орталығының жартылай жабылғаны белгілі болды.


Көзі: yunews.kz