«Бізді дүкендерде жиі алдайды, себебі біз соқырмыз» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Бізді дүкендерде жиі алдайды, себебі біз соқырмыз»

444

Smiley face

Фото Павлодар облысы бойынша ҚАЖД

Павлодарда АП-162/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар зағип және  көзі нашар көретін адамдар үшін купюра анықтауыш дайындады. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша ҚАЖД әлеуметтік желідегі өз парақшасында хабарлады.

Қазақстандық соқырлар қоғамының Павлодар филиалының төрағасы Дүйсембі Қабдулов өз қамқорлығындағы адамдар үшін купюра анықтауышты дайындауға көмек сұрап  Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға жүгінді.

"Бізді дүкендерде жиі алдайды, біз өйткені соқырмыз. Ақша номиналын қолмен анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Ал ендігі уақытта, купюра анықтауыштың арқасында біз өз қамқорлығымыздағылар үшін алаңдамаймыз. Мен осы қажетті құрылғыны дайындауға көмектескен сіздің мекемедегі әрбір сотталған адамға  ризамын. Үлкен рахмет.!! Бүгін біз балалар сияқты қуанамыз", - дейді Дүйсембі Қасенұлы.

"Купюра анықтауыш" купюраның дұрыстығын дереу тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, купюра анықтауыштың көмегімен дүкенге барар алдында өз ақшасын номиналы бойынша сұрыптауға болады. Бұл саты түрінде жасалған кішкене пластина, купюраның ені арқылы оның номиналын анықтауға болады.


Көзі: yunews.kz