Жамбыл облысында 30 кг марихуана мен 2,4 кг гашиш тәркіленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жамбыл облысында 30 кг марихуана мен 2,4 кг гашиш тәркіленді

444

Smiley face

Фото ҚР ІІМ

Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарының полицейлері «Көкнар» операциясын өткізу барысында өңтүстік ңірден еліміздің шығыс бөлігіне марихуана және гашиш жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының ІІМ баспасөз қызметі.

Ұзақ әзірлеме және бірлескен жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болмаған Жамбыл  облысының тұрғыны ұсталды. Ол есірткі өткізу үшін басқа өңірлерге марихуана тасымалын  ұйымдастырған. Марихуананы Жамбыл облысы Түймекент ауылында  туысқанының үйінде сақтаған және сол жерде ұсталған.

Санкцияланған жеке басын тінту барысында өткізушінің бойынан екі ұялы телефон және марихуана өткізуден  тапқан 28,5 мың ақша алынды.

Түймекент ауылында  кинологтың қатысуымен және қызметтік іздестіру итін пайдалану арқылы үйді тінту  кезінде шаруашылық үй-жайда салмағы 30 кг аса  марихуана  және 2,4 кг гашиш алынды, ұсталған азамат оны Шығыс Қазақстан облысына жібермек болған. 

Осы облыстың аумағында ұқсас факт анықталды. «Тәтті-Сары-Қобы» тас жолының маңынан Мерке ауданының 49 жасар тумасы  ұсталды, полиция қызметкерлері одан 12 кг.астам  марихуана салынған  бір қап алды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында үйінің кіреберіс орнын тінту барысында жергілікті тұрғыннан  салмағы 71 гр.героині  бар 2 орама табылды.       

Дәстүрлі есірткі түрлерімен қатар, психотропты заттарды тарату фактілері де бар. Осылайша, Өскемен қаласында есірткі өткізу фактісі бойынша  жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жасырын орнынан жалпы салмағы 8,3 гр психотроптық заты бар 20 полимер бумасы табылып, алынды.
Барлығы апта ішінде елімізде ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 33 қылмысты анықтап, тіркеді.

Оның ішінде 17-і есірткі өткізу фактісі, 5-уі аса ірі мөлшерде сақтау, 6-уы контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 1 фактісі есепке алынды. Бір заңсыз «нашақорлар ұясы» жабылды.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 54 кг есірткі тәркіледі, оның ішінде: 52 кг марихуана және 106,6 гр героин, 2,4 кг гашиш  және 16,3 гр. синтетикалық есірткі алынды.
Есірткі қылмысымен күреске азаматтар да көмек көрсете алады. Мәселен, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің «WhatsApp» (+77777856651) «қауырт желісіне» бір айдың ішінде есірткінің заңсыз айналымы туралы 298 хабарлама келіп түсті. Бұл ақпараттар негізінен есірткіні тарататын сайттар немесе телеграмма-арналар жарнамасы бар граффити-суреттер туралы болды.

Хабарламалар бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz