Бірқатар әкімдіктердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп күдіктенуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бірқатар әкімдіктердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп күдіктенуде

444

Smiley face

Еліміздің бірқатар аймақтарында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен әкімдік қызметкерлері, оның ішінде басшы құрам әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты азаматтан саудаға рұқсат бергені және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасағаны  үшін жалпы сомасы 65 мың теңге пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Осыған ұқсас қылмыс жасауға Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің әкімі күдікті болып отыр. Ол жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бергені үшін азаматтан 500 мың теңге пара алды деп күдіктенуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.  Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


Көзі: yunews.kz