Коллекторлық агенттіктерге шағым көп - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Коллекторлық агенттіктерге шағым көп

444

Smiley face

Фото time56.ru

Бүгінде Қазақстанда 165 коллекторлық агенттік (бұдан әрі - КА) жұмыс істейді, олардың өндірісінде миллиардтаған сомаларға жүздеген мың шарттар бар. КА іс-әрекеттері борышкерлер тарапынан жиі наразылық пен шағымдар тудырады. Тек ағымдағы жылы ғана Ұлттық Банк 157 шағымды қарады.

"Өтініштердің кең тараған тақырыптарына үшінші тұлғаларға берешектің бар екендігі туралы ақпарат беру сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Қазіргі уақытта заңнама бұған жол береді, бірақ қарыз алушы мұндай ақпарат берілгенін білген кезде, онда коллекторлық ұйымдардың іс-әрекетіне шағым мен өтініш туындайды", - деді ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

 Коллекторлық ұйымдардың өкілдері көбінесе борышкердің талабы бойынша КА өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін бермейді, сондай-ақ берешекті өтеудің оңтайлы кестесін ұсынудан бас тартады.

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар айтты.

"Біріншіден. Коллекторлық агенттіктерге (КА) борышкердің орналасқан жерін және байланысын анықтау мақсатында ғана үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау құқығын беру. Тек осы жағдайда ғана КА үшінші тұлғаларға жүгіне алады, қалған барлық жағдайларда,  олар борышқордың өзімен немесе оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғамен айналысуы тиіс", - деп атап өтті Олег Смоляков.

Сондай-ақ коллекторлық агенттікті борышкермен және үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл процесін аудио және бейне жазба құралдарының көмегімен телефон арқылы сөйлесуді қоса алғанда, тіркеуді міндеттеу ұсынылады. Бұл ретте уәкілетті органдарда ға мәлімдеген телефон нөмірлерінен ғана телефон қоңырауларын қалай жасауға болатынын анықтау қажет. Яғни, нақты тіркеу телефон нөмірлерін анықтауды көздейді.

Бұдан басқа, коллекторлық қызмет туралы заңнан бастапқы байланыс ұғымын алып тастау және борышкерге оның коллекторлық агенттіктерде тіркелгені туралы хабарлау міндеті ұсынылады.


Көзі: yunews.kz