Маңғыстауда "Ерсай" компаниясында 400 қызметкер қысқартылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстауда "Ерсай" компаниясында 400 қызметкер қысқартылды

444

Smiley face

Фото ЕРСАЙ

Құрық ауылындағы ірі компаниялардың бірі - "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" компаниясы 400 қызметкерді қысқартты. Жұмыс көлемінің азаюына байланысты компания осындай шара қолдануға мәжбүр болды. Бұған дейін компания басшылығы қысқартуға жататын қызметкерлер тізімін ұсына отырып, барлық уәкілетті органдарды ескертті.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімдігі осы қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесімен тығыз айналысуда.

"Қазір "Ерсай" компаниясының қысқартылған қызметкерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі өте өзекті.  Бұл мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. Әкімдік оларды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылдың 5 қазанында "Теңізшевройл" ЖШС мердігерлік компанияларымен кездесу ұйымдастырылды. Тағы екі компания - "Сенімді Құрылыс" және "ССР" — ауданның қысқартылған тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қызығушылық танытты. Қазір осы компаниялармен жұмыс жүргізілуде", - деді Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков.

Сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 53 жас маман ауылдық елді мекендерге жұмысқа тартылды.

"ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" бірлескен кәсіпорны 2003 жылғы қазанда қазақстандық "ЕРС Холдингс" компаниясымен мен итальяндық "Сайпем" құрылыс компаниясымен тепе-теңдік негізінде құрылды. Компанияның негізгі активі - Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының жанындағы "Каспий верфь" металл құрылымдары зауыты. ЕРСАЙ компаниясы Қашаған бойынша бірнеше "Аджип ККО" жобаларында жұмыс істейді: Қашаған кен орнының D аралына арналған құбыр эстакадаларын салу, сол аралда баржаларды орнату үшін қадаларды дәнекерлеу, Қашаған-Қарабатан магистральды құбырына арналған құбырларды бетондау.


Көзі: yunews.kz