Алматы облысының кәсіпкеріне ұрланған алмасы қайтарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысының кәсіпкеріне ұрланған алмасы қайтарылды

444

Smiley face

Өңірдің ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ұйғыр ауданында тіркелген. Онда 19 қазан күні аудандық полицияның кезекші бөліміне алма өсірумен айналысатын жергілікті кәсіпкер жүгінген.

Анықталғандай, Бахар ауылдық округінде жәбірленушінің алма бағынан белгісіз тұлға «Гренни Смитт» алмасының қысқы сортының өнімдерін ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері ұрлық фактісін тіркеп, тиісті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

«Жергілікті учаскелік инспектор Нұрмұхамед Зәкір екі күн ішінде осы ауылдың 36 жастағы тұрғыны алмаларды ұрлағанын анықтады. Күдіктінің үйінде 150 килограмм ұрланған алма табылған. Ұрланған алма бақшасының иесіне қайтарылды. Ол жас қызметкердің жеделдігі үшін оның басшылығына жазбаша алғыс білдірді», - деп хабарлады полициядан.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу ҚР ҚК 188-бабына сәйкес жалғасуда. Ұсталған азамат тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды.


Көзі: Yunews.kz