Санитарлық авиация күшімен бас сүйегі ауыр зақымдалған 10 жастағы баланы тасымалдау жүзеге асырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Санитарлық авиация күшімен бас сүйегі ауыр зақымдалған 10 жастағы баланы тасымалдау жүзеге асырылды

444

Smiley face

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығында бала жүрегіне ота жасалды. Кейін жағдайын тұрақтандыру үшін медицина мамандарымен тұрғылықты жері бойынша Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеде емді жалғастыру ұсынылды.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 19 қазанында санитарлық авиация желісі бойынша пациентті Қызылорда облыстық балалар ауруханасына тасымалдау жүргізілді.

Әуе тасымалдау - сау адамның ағзасы үшін сынақ, ал ауыр науқас пациенттің жағдайы ұшу кезінде айтарлықтай нашарлауы мүмкін. Қысымның төмендеуі, қандағы оттегі концентрациясының азаюы - мұның барлығы ағзаның жағдайына қатты әсер етеді.

Сондықтан, пациентті авиакөлік жолда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тасымалдаудың барлық кезеңдерінде пациентті тұрақтандыруға қамқорлық жасайтын санитарлық авиацияның тәжірибелі ұтқыр бригадасының бақылауымен жүргізгені маңызды болып табылады.

Сондай-ақ әуе кемесінің бортында ұшу жағдайында пациентке білікті шұғыл көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер бар. 

Санитарлық авиация басы ауыр зақымдалған 10 жастағы баланы сәтті тасымалдады.


Көзі: Yunews.kz