Алматылық журналист 5 жылға бас бостандығынан айырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматылық журналист 5 жылға бас бостандығынан айырылды

444

Smiley face

Еске саламыз, бұрын басылымда жұмыс істеген Манас Бистаев осы жылдың қаңтар айында әлеуметтік желілерде орыс ұлты өкілдерінің атына тіл тигізген бірқатар бейнероликтер салған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 174 - бабының 2-бөлігі –  ұлттық араздықты көпшілік алдында және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып қоздыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның шеңберінде ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот процесі барысында Манас Бистаев кінәсін ішінара мойындап, қылмыстық құқық бұзушылықты саналы түрде жасағанын көрсетті.

Әуезов аудандық сотының үкімімен журналист 174-бап бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға екі жас баланың болуын және сотталған адамның денсаулық жағдайын жатқызды. Бірақ, оның бұрын екі рет сотталғаны және тағы да ауыр қылмыс жасағаны жазасын ауырлатты», деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz