Семейде зейнеткер әйел терезеден құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде зейнеткер әйел терезеден құлап кетті

444

Smiley face

Қайғылы жағдай қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. 75 жастағы кемпір 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен. Куәгерлер «Жедел жәрдем» шақырды. Келген дәрігерлер зардап шегушіге жете алмады, өйткені зейнеткер дүкеннің күнқағар шатырына құлап кеткен.

«Құтқарушыларды көмекке шақырды. Біздің қызметкерлер зардап шеккен әйелді шатырдан төмен түсіріп, оны дәрігерлерге тапсырды. Бірақ, қарт әйел құлаған кезде алған ауыр жарақаттан қаза тапты», - деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметі.

ТЖ қызметкерлері оқиға кезінде зейнеткер пәтерде жалғыз болғанын анықтады.  Оның не себептен және қандай жағдайда терезеден құлап кеткені белгісіз.


Көзі: Yunews.kz