Америкалық азамат «Tesla» автокөлігінде тірідей жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Америкалық азамат «Tesla» автокөлігінде тірідей жанып кетті

444

Smiley face

Оңтүстік Каролина американдық штатындағы Tesla автокөлігінде құтқарушылар көліктің есігін аша алмай қалған ер адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Омар Аван өз автомобилін басқарудан айырылып, пальмаға соғылды. Айыптау тарапының хабарлауынша, соқтығысудың салдарынан ионды-литий батареясы жанып, от пен түтін салонға лап берген. Айналаға жиналған адамдар жылжымалы тұтқаның қолжетімсіздігі салдарынан көмектесе алмады. Аван күйік пен тұншығудан қайтыс болды деп болжануда.

«Өрт автомобильді қамтып, Аван түгі қалмай жанып кеткен. Бұл «TeslaModel S» қолжетімділігі қиын тұтқаларға ие болғандықтан орын алды. Есіктерді ашудың басқа жолы жоқ және отқа оранудың жоғары қаупі бар», - делінген қаза тапқан адамның жанұясының арызында.

Айыптау тарапының пікірінше, трагедия Tesla конструкциясындағы ақаулар салдарынан орын алған.


Көзі: Yunews.kz