Студенттер Өскемендегі өрт кезінде қарт әйелді құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Студенттер Өскемендегі өрт кезінде қарт әйелді құтқарды

444

Smiley face

Өрт жақында кешке қарай Өскемен қаласындағы Депутаттар көшесі бойында орын алды. Өрт көмір сақталған тұрғын үйдің жанындағы шаруашылық құрылыстарынан басталған. Өрт көрші ғимаратқа және оның шаруашылық құрылыстарына бірден тарады.

«Осы сәтте колледж студенттері - 17 жасар Әлішер Аянұлы мен 18 жасар Денис Пичугин үйдің жанынан өткен болатын. Олар бірден үй иелерін оятқан. Көрші үйде қарт әйел қалған. Әлішер Аянұлы терезені сындырып, түтінге оранған үйге кіреді. Ал оның жолдасы Денис Пичугин кіреберіс есігі арқылы үйге кіріп, қолқаны қапқан ащы түтінге қарамастан 86 жастағы әжесін тауып, оны сыртқа шығарған», деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.

Smiley face

Өрт орнына келген №5 ӨСБ өрт сөндірушілері жалпы ауданы 190 шаршы метр отты сөндірді. Өрттің себептері анықталуда.


Көзі: yunews.kz