Кәуаптағы антибиотиктер - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кәуаптағы антибиотиктер

444

Smiley face

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен және қауіпсіздігін бақылау Комитетінің мамандары өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында бірқатар дүкендерден денсаулыққа қауіпті «Кавказ» кәуабының етін анықтаған. Оның құрамындағы левомицетин мөлшері 0,022 мг/кг болған. Ал нормаланған көрсеткіш -0,01 мг/кг.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне сәйкес келмейтін өнімді жеткізушіге қатысты тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізу үшін хат жолданды», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитет ет өнімдерін сатып алу кезінде олардың жарамдылық мерзімін тексеруді ұсынылады.

«Антибиотиктер ағзаның тіршілік әрекетінің көптеген жүйелеріне теріс әсер етеді,  олар әсіресе бауыр, бүйрек, асқазан, жүрек-қантамыр жүйесі мен жүйке жүйесі үшін зиянды. Өнімді термиялық өңдеу антибиотиктердің құрылымын бұзуға қабілетті, бірақ бұл үшін ет кемінде бір сағат бойы қуырылуы керек. Егер бұл тауық болса, онда бірінші сорпаны төгіп тастау керек», - дейді сарапшылар.


Көзі: yunews.kz