Алматыда алаяқ келіншек бөтеннің заттарын ломбардқа өткізген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда алаяқ келіншек бөтеннің заттарын ломбардқа өткізген

444

Smiley face

Алматыда полицейлер мегаполис тұрғындарына ірі материалдық залал келтірген алаяқ келіншекті ұстады.

«Қазіргі уақытта 25 жастағы алаяқ келіншектің қала аумағында жасалған 10 алаяқтық қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық мақсат үшін ол тауарларды сату бойынша танымал интернет-алаңды пайдаланып келген. Ол азаматтардан заттарды жалға алып, кейіннен ломбардқа тапсырған. Бұл «бизнес» оған жақсы пайда әкелді. Заттар тізімінде: техника, үлбір бұйымдары, әйелдер көйлегі, смартфондар мен тұрмыстық құралдар бар. Ол тауарларды сатқаннан кейін, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал жалға алынған заттардың иелерімен байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта материалдық шығын шамамен бір миллион теңгені құрағаны анықталды. ҚР ҚК 190 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Сәбит Сансызбаев.


Көзі: yunews.kz