ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері «INTERPOLITEX-2019» халықаралық көрмесіне қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері «INTERPOLITEX-2019» халықаралық көрмесіне қатысты

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Мәскеуде өтіп жатқан XXIII мемлекет қорғанысын қамтамасыз етудегі құралдардың «INTERPOLITEX-2019» халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде шетелдің 15 мемлекетінен 470 компания қатысты. Әр мемлекеттен қатысқан өкілдер ұшу аппараттары, арнайы транспорт, нақты дәлдеу қаруларының соңғы зерттемелері, робот-техникалық кешендер және басқа инновациялық зерттемелерін көрсетті.

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

ХШЖК павильоны 24,5 мың ш.м. алаңында үш экпозициялық зал орналастырылып, олар көрмелердің арнайы тақырыптағы экспозициялардың өзара байланыса қиысуын көрсетеді. Қазірдің өзінде 46 елден келген 20000 маман танысты, оның ішінде Қазақстанда бар. Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары полковник Ержан Айтақовтың басшылығымен Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілдері көрмеде көрсетілген үлгілерді бағалады. Іскерлік бағдарлама аясында әр елден келген мамандардың тәжірибе алмасуы, диалогы және жаңа іскерлік байланыс орнату үшін конференциялар мен семинарлар өтуде.


Көзі: yunews.kz