Зергерлік бұйымдардың бағасы 6%-ға өсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Зергерлік бұйымдардың бағасы 6%-ға өсті

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісі 529,1 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйегінде алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға баға бір жылда 5,8%-ға, бір грамға 16870 теңгеге дейін өсті.

Алтын зергерлік бұйымның 1 грамы Нұрсұлтан (23707 тк), Ақтау (20285 тг) және Атырау (19859 тг) тұрғындарына қымбатқа тұседі.

Алтын әшекейлердің ең жоғары бағасы Павлодарда (+26,5%, грамм үшін 17491 теңгеге дейін), Алматыда (+19,6%, грамм үшін 15254 теңгеге дейін) және Шымкентте (+17,3%, грамм үшін 15725 теңгеге дейін) байқалады.

Smiley face

Күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, өз кезегінде, 1,8%-ға, 2018 жылдың қыркүйек айында бір грамға 1482 теңгеден ағымдағы жылдың қыркүйек айында 1509 теңгеге дейін қымбаттады. Күміс әшекейлер үшін Атырау (грамм үшін 2226 тг), Нұр-Сұлтан (грамм үшін 1982 тг) және Алматы (грамм үшін 1948 тг) тұрғындары көбірек төлейді.

Бағаның ең жоғары өсуі Қостанайда (+17,3%, грамм үшін 1663 теңгеге дейін), Көкшетауда (+8,5%, грамм үшін 1039 теңгеге дейін) және Таразда (грамм үшін+7,4%, грамм үшін 1373 теңгеге дейін) тіркелді.

Smiley face


Көзі: yunews.kz