Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандық әскери қызметші қола медальға ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандық әскери қызметші қола медальға ие болды

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Баян Ақбаева Қытайдағы Бүкіләлемдік әскери ойындарда қола жүлдені иеленді. Осылай ол Қазақстан Қарулы Күштері құрамының қоржынына тағы бір медаль қосып, бокстан турнирдің алғашқы ресми медалисті атанды, деп хабарлайды ҚМ баспасөз қызметі.

69 келіге дейнгі салмақ дәрежедегі жартылай финалда Баян әлем чемпионы, Қытай спортшысы Дан Доуға жол беріп, әскери ойынның қола жұлдегері атанды. Одан басқа, ширек финалдан сәтті өткен біздің армия боксшылары - Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін), Ділмұрат Міжітов (64 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін), Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Аят Мәржікпаев (81 келіге дейін) және Абзал Кұттыбеков (91 келіге дейін)  алты медаль үшін бақ сынаспақ. Олардың барлығы кем дегенде қола жүлдегер атанды.

Ерлер арасындағы жартылай мен финалдық жекпе-жектер 25-26 қазанда өтеді. Бокстан турнир VII Бүкіләлемдік әскери ойындар аясында қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқанын ескертеміз.


Көзі: yunews.kz