Екі құлан Барсакелместен Торғай даласына жеткізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Екі құлан Барсакелместен Торғай даласына жеткізілді

444

Smiley face

Фото  Петр Каченски, Джон Линнел және Катарина Мар

2019 жылғы 11 қазан күні «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығынан мемлекеттік «Алтын дала» резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына екі құлан әкелінді, Бұл жөніндегі Faceebok желісіндегі парақшасында ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділахмет мәлім етті.

«Қазақстандағы құланды реинтродукциялау» жобасы 2017 жылы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен және Норвегия табиғатты қорғау институымен бірлесіп қолға алынған. Жануарларды бірнеше күн бұрын қазақстандық және шетелдік мамандандардың бірлескен тобы ұстады. Біраз ұстағаннан соң олар бір жыл бұрын жабайы табиғатқа жіберілген жануарларға қосылады», деп айтып берді Сәкен Ділахмет.

Сондай-ақ, жануарларды ұстау барысында оларды зерттеу үшін және қорғалуын жақсарту мақсатында үш құланға GPS-хабарлағыш қойылған. Осылайша Барсакелмес қорығының аумағында белгі қойылған алты құлан жүр.

 

Біздің елімізде құлан Қызыл кітапқа енген және жоғалу қаупі бар сирек кездесетін жануарлар қатарында. 2019 жылы Қазақстандағы құландардың саны 4000-нан асады және біртіндеп өсіп келеді, дегенмен жарты ғасыр бұрын олардың саны 100-ден көп болмаған.

«Алтын Емел ұлттық саябағында хабар таратқышпен жүрген екі жануарды және Ырғыз-Торғай резерватындағы екі құланды есептейтін болсақ, Қазақстан бойынша он құланнан құнды ақпарат алып отырмыз. Шара Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және шетелдік әріптестердің 2017 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан Орталық Қазақстандағы құландарды реинтродукциялау жөніндегі халықаралық жобасының бірі бөлігі болып саналады», - деп атап өтті Сәкен Ділахмет.


Көзі: yunews.kz