Ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды инвестициялау үшін жаңа қор құрылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды инвестициялау үшін жаңа қор құрылды

444

Smiley face

Фото  «Самұрық-Қазына» қорынан

"Самұрық-Қазына" және Da Vinci Capital (Ұлыбритания) инвестициялық компаниясы 100 млн АҚШ доллары сомаға тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құрады. Тиісті келісімге Лондондағы Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесінің (ҚБІК) отырысы барысында қол қойылды. Осы келісімнің шарттары бойынша "Жаңа технологиялар қоры" ақпараттық технологиялар мен цифрландыру секторында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындарға кемінде 40 млн АҚШ долларын инвестициялайды.

Da Vinci Emerging Technologies Fund (Жаңа технологиялар қоры) негізгі бағыты Қазақстанның технологиялық компанияларына оларды дамыту және кейіннен IPO-ға шығару үшін инвестиция салу болып табылады.

"Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" қоры күн және жел электр энергетикасы бойынша әлемдегі төртінші ірі EDP Renovaveis (Португалия) компаниясымен жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстандағы ЖЭК жобаларын бірлесіп іске асыру қағидаттарын реттейді. EDP Renovaveis келісімі аясында Қазақстанда қуаты 250 МВт күн электр станцияларын салуға ниетті",- деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінде.

Іскерлік кеңес аясында сондай-ақ іскерлік кеңестің тең төрағалары Ахметжан Есімовтың Қазақстан бойынша Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі баронесса Эмма Николсонмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ҚБІК қызметінің құрылу сәтінен бастап алған нәтижелерін, Лондон қор биржасымен перспективалық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды және инвестицияларды тарту және бірлескен қорларды құру перспективаларын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚБІК 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік қатынастарды, экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін сапары аясында құрылған болатын.


Көзі: yunews.kz