Алматыда қара топырақты өз бетімен әкетудің 13 фактісі анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда қара топырақты өз бетімен әкетудің 13 фактісі анықталды

444

Smiley face

Алматы полицейлері Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің көмегімен жердің құнарлы қабатын рұқсатсыз алу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

"Екі күн ішінде осындай 13 факті анықталып, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 450 мың теңгені құрады", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Төрехан Исин.

Т.Исиннің мәліметіне қарағанда, бір эпизод Наурызбай ауданының аумағында анықталған. Белгісіз тұлғалар жер учаскесінің меншік иесінің - заңды тұлғаның рұқсатынсыз өз бетімен қара топырақ алып кеткен. Басқа жағдайда жердің құнарлы қабаты қаланың Бостандық ауданында орналасқан азамат С.-ның учаскесінен ұрланған.

"Біз осы учаскелердің меншік иелерін іздеп таптық. Олармен мүлікті сақтау шараларын қамтамасыз ету жөнінде әңгіме жүргізілді. Енді ол жерлерде қазір  күзетші бар, пломбаланған құлпы бар шлагбаум орнатылған, аумаққа кіру жабық. Және бұл өте өзекті шаралар. Айта кетейік, құнарлы топырақты өз бетімен алу фактілерін анықтау бойынша жұмысқа әкімшілік полицияның мамандандырылған батальонының, сондай-ақ жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де белсенді тартылды. Олар қара топырақ тиелген көлік құралдарына назар аударады және топырақтың тиесілігін, сондай-ақ оны өндірудің заңдылығын тексереді", - деп түйіндеді Төрехан Исин.


Көзі: yunews.kz