Ойын-сауық үшін көлік айдап әкеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ойын-сауық үшін көлік айдап әкеткен

444

Smiley face

Фото Алматы қ. ПД

Алматы облысының он сегіз жасар тұрғындары бөтен автокөліктерді айдап әкетіп, одан кейін жолдарда жарыс және дрифт ұйымдастырған, онымен қоймай, айдап әкетілген автокөлікті қасақана бүлдірген, деп хабарлайды Алматы қ. ПД баспасөз қызметі. Құмарын басқаннан кейін жігіттер көліктерді тастап кетіп отырған, бірақ көп ұзамай «ойын-сауықты» қайта бастайтын болған.

"Күдіктілер көліктерді кілттер таңдаумен  және бұрауышпен бұзып ашқан. Содан кейін сыбайластар ұрланған көлікті қала сыртына ешкім жоқ жерге апарып, көлікпен түрлі трюктер жасаған. Айта кететіні, екеуінде де көлік құралын басқару құқығы жоқ, демек көлік жүргізу дағдылары да жоқ. "Ойыны қанған" соң қаскүнемдер машиналарды тастап, бой тасалаған. Тек Алматы облысында ғана оларға осындай 12 қылмыстық эпизод тіркелген.  Біздің қалада қазіргі таңда ұсталған азаматтардың бөтен көлік құралдарын заңсыз иемденудің 2 фактісіне қатыстылығы дәлелденді. Қалай болса да, енді «сауыққұмар» жігіттер ҚР ҚК 200-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.


Көзі: yunews.kz