Ескі күндерде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ескі күндерде

444

Smiley face

"Қазпошта" АҚ мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда жазылым арқылы 204 республикалық және 521 өңірлік газет таратылуда. Бұл ретте жазылымның жалпы көлеміндегі республикалық басылымдардың үлесі 45%, өңірлік басылымдардың үлесі 54% құрады. Тираждың 1%-ы халықаралық кезеңді басылымға тиесілі. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы газеттер мен журналдарға жазылудың жалпы көлемі 108 363 590 дананы құрады.

"Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Ұйғыр авази", "Жас Алаш" және "Ана Тілі" республикалық газеттері жазылымы көп ТОП-5 басылымына кірді. Аймақтық басылымдардың ішінде "Жетісу", "Ақтөбе", "Огни Алатау", «Огни Алатау», "Аq Jol", "Оңтүстік Қазақстан" газеттері көш бастап тұр.

Негізінен газеттер мен журналдарды ауылдық жердің тұрғындары жаздырады - жазылудың барлық таралымының 73%.

Жазылым бойынша Қазақстанның өңірлері арасында Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.

"Статистика жазылым тираждарының төмендеу үрдісін көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жазылымның жалпы көлемі 127,8 млн. дананы құрады. Биылғы жылы қараша мен желтоқсан айларында жазылу әлі жалғасуда және жыл қорытындысы бойынша сандар шамалы өседі, бірақ тұтастай алғанда өткен жылдардың көрсеткіштерінен аспайды. Біз электронды басылымдарға көшу – бұл қазақстандық статистика да растайтын жалпы әлемдік тренд екенін түсінеміз", – деді "Қазпошта" АҚ "Пошталық сервис" филиалының директоры Нұржан Жабаев.


Көзі: yunews.kz