Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізді

444

Smiley face

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізді.

"Сізге  тағы да шын жүректен қазақ жеріне қош келдіңіз деймін. Біз белоруссиялық делегацияның келуіне қуаныштымыз. Бізді дәстүрлі достық, ынтымақтастық байланыстырады. Біздің халықтарымыз бір-біріне тартылады. Сондықтан құрметті президент Александр Григорьевич бастаған бұл сапар -  біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылауға, және қажет болған жағдайда оларға қосымша серпін беруге жақсы мүмкіндік.

Біз жаңа ғана жабық форматта негізгі күрделі мәселелерді көтердік. Себебі, қалай болған күнде де, ең жақын мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және ең бастысы, шешімді қажет ететін сұрақтар туындайды. Өтіп жатқан келіссөздер нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге келіп жатырмыз деп есептеймін және олардың таяу арада жүзеге асатынына сенімдімін. Біз мемлекеттер арасындағы сауда көлемін арттыруға мүдделіміз, біз гуманитарлық саладағы өзара қарым-қатынасты күшейтуге мүдделіміз, біз халықаралық ұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз", – деді өз сөзінде  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бүгін қол қойылатын келісім, сондай-ақ бірлескен мәлімдеме мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты алға жылжытуда өте маңызды қадам екенін атап өтті.

Өз кезегінде Александр Лукашенко Қазақстанға келуге мүмкіндік үшін алғысын білдірді.

«Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасы бүгінде біздің елдеріміздің стратегиялық мүдделеріне толық сәйкес келеді. Бұл болашаққа маңызды жоспарлар құруға мүмкіндік беретін көп жылдық жұмыстың нәтижесі. Минск және Нұр-Сұлтан барлық деңгейдегі өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін пысықтады. Ал сенім дәрежесі кез келген мәселені ашық талқылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының ұқсастығы және экономиканың нақты секторын нығайтуға өзара ұмтылыс ауқымды ынтымақтастық үшін жақсы негіз тудырады. Сондықтан біз бүгін шағын құрамда нақ осы экономика саласындағы диалогты шешуге екпін жасадық. Себебі, іс жүзінде саяси, әскери-техникалық ынтымақтастық, дипломатия сынды өзге салаларда басқа түйткілді сұрақтар жоқ.

Халықаралық күн тәртібіндегі негізгі күрделі мәселелер бойынша біздің көзқарастарымыз бірізді және ұқсас. Қазақстан – біздің негізгі сауда серіктесіміз. 3 жылда тауар айналымы екі еседен көп өсіп, 2018 жылы 900 млрд долларға жетті.

Біз Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымының миллиард көрсеткішін еңсеруге жақынбыз.  Иә, Беларусь пайдасына сауданың белгілі бір теңгерімсіздігі бар,бірақ соңғы жылдары бұл жақсы қарқын, Қазақстаннан импорт айтарлықтай өсті. Қазақстаннан Беларуське импорт өсімінің қарқыны 45%-ға өсті. Бұл біз айтқан нәрсе. Егер таяудағы жылдары мұндай қарқын байқалса, біз негізінен сауда тепе-теңдігін теңестіреміз. Ағымдағы жылдың 8 айында ғана біздің елімізге көлем 1,5 есеге артты - бұл бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері және біз қазақстандық тараптың теңгерімді тауар айналымына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз. Күн тәртібінде тұрған барлық мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді.  Және біз бүгін қарапайым саудадан өнім өндіру үшін бірлескен кәсіпорындар құруға көшуге дайынбыз", - деді Лукашенко.

 


Көзі: yunews.kz