Алматы гарнизонында диверсанты ұстау және дронға қарсы қаруды ұстауды көрсетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы гарнизонында диверсанты ұстау және дронға қарсы қаруды ұстауды көрсетті

444

Smiley face

Автоматты кезектер, гранаттардың жарылуы, барлау бөлімшелерінің жұмысы, барлаушы- дрон – осылай Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінде оқу-методикалық жиындар өтті. Айдың соңғы аптасында Алматы аумақтық гарнизонында Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімі мен мекемелерінде лауазымды тұлғалары мен қызмет басшыларымен оқу-методикалық жиындар аяқталды. Жиындар ӘҚК бас қолбасшылығы басқармасының бас штаб бастығының орынбасары подполковник Бақтияр Баймағамбетовтың басшылығымен өтті.

Smiley face

Smiley face

Диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы әскер қызметінің аға офицері подполковник Николай Жуков жетекшілік етті. Жиынның мақсаты әскери бөлімдер мен мекемелер объектілеріне шабуыл жасалғанда, сонымен қатар, пилотсыз ұшу аппараттарының заңсыз ұшулары кезінде тәуліктік нарядқа түскен жеке құрам мен кезекші бөлімшелердің теориялық оқуы мен практикалық жаттығуы болып саналады. Әскери қызметшілер әскери бөлім қызмет бөлімшелерінің іс- әрекеттерін практикалық түрде көрсетті. Жылдам әрекет ету тобы бөлімнің аумағына кірген шартты диверсантты ұстау бойынша шараларды қолданды. Әскери объектінің аумағына заңсыз кіру әрекеттерін болдырмау бойынша қараул жеке құрамы техникалық күзет құралдары қалай іске қосылатыны және кезекші қызметтердің реттелген іс-әрекеттерін көрсетті.

Әскери объектілердің  диверсияға қарсы іс-әрекеттерден қорғалуын арттыру мәселелеріне басты назар аударылды. Жиын қатысушыларына күзет техникалық құралдары, бейнебақылау мен дабыл жүйелерінің заманауи түрлерімен көрсетілді. Алғаш рет тегіс ұңғылы (помпалық, орнитологиялық) қару және дронға қарсы ұқсас құрал таныстырылды. Құралдың нұсқасы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының профессорлық - оқытушы құрамы мен курсаттары жасаған. Осындай жиындар әскери объектілерге заңсыз ұшулар көбейю жағдайларына байланысты өзекті болып табылады. Осы ретте құрал иелеріне дрондарды ұшу және түсіру пайдалану келісілуге тиіс екендігін ескертеді, әйтпесе-әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.


Көзі: yunews.kz