Өскеменде автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі байқалады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі байқалады

444

Smiley face

Өскемен қаласының тасымалдаушыларында кадрлардың жетіспеуі күн сайын өзекті болуда және жолаушылар автобусы маршруттарының жұмысына кері әсерін тигізуде. Бұл әсіресе таңғы және кешкі сағаттарда, сондай-ақ қаланың шетіне қызмет көрсететін бағыттарда байқалады.

"Кәсіпкерлердің өз ақпаратына қарағанда, жыл сайын D-1 санатындағы жүргізушілер саны ұдайы төмендеп келеді, және олардың маршруттарда қозғалыс кестесін сақтауды қамтамасыз етуге ешқандай мүмкіндігі жоқ. 6 және 6б маршруттарына қызмет көрсететін "РОСТ" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, 2018-2019 жылдары кәсіпорынға бірде-бір жас жүргізуші келгемен. Ал зейнетке 15 адам кеткен", - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

Мамандар жетіспеушілігінің негізгі себебін кәсіпкерлер Қазақстанда D-1 жүргізуші куәлігінің қосымша санатын енгізумен байланыстырады. Бүгінде жолаушылар автобусын басқару құқығын алу үшін жүргізушінің микроавтобусты жүргізу өтілі кемінде үш жыл болуы қажет. Осы үш жыл ішінде жүргізушілер өз көлігін иеленіп үлгереді, онда жұмыс істеуге үйренеді және одан кейін олар автобустарға ауысқысы келмейді.

"Әрине, бұл мәселе ең алдымен тасымалдаушы кәсіпорындардың кадрлық жұмысының сапасына қатысты. Алайда қалалық бағыттардағы қалыптасқан жағдай ерекше назар аударуды талап етеді", - деп атап өтті әкімдік.

Бүгінгі күні Өскемен қаласының ТКШ бөлімі тасымалдаушылармен бірлесіп ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне хат дайындауда, онда жаңа санатты енгізу нәтижесінде қалыптасқан мәселе баяндалады. Сонымен қатар, жақын күндері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жолаушылар автобустарының жүргізушілерін жұмысқа тарту немесе оқыту бойынша шұғыл шаралар алгоритмін жасау үшін бірлескен кеңес өткізу жоспарланған.


Көзі: yunews.kz