Қазақстанда ет пен жармаға баға өсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда ет пен жармаға баға өсті

444

Smiley face

Фото bash.news

Қазақстандағы ең өзекті мәселе – негізгі азық-түлік тағамдарына бағаның артуы. Бүгін Сенатта бюджет таныстырылды. 

"Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі негізгі азық-түлік тағамдары бағасының 10-15%-ға, ал ет бағасының 15-20%-ға артуы болып табылады. Өз баяндамаңызда Сіз бағаны ұстап тұру бойынша бірқатар шаралар немесе іс-шаралар әзірленгенін айттыңыз. Қандай нақты шаралар әзірленді және қандай нәтиже күте аламыз?"- деді Сенат депутаты Сергей Ершов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өз кезегінде Қазақстанда байқалып отырған негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның көтерілу себептерін түсіндірді.

"Біздің бағалауымызша, әлеуметтік түрлі бағдарламаларға жаңа шығындар, еңбекақының өсуі, 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының артуы, бюджетшілердің еңбекақысының өсуі мен әлеуметтік көмектің өсуі тек осы жылы инфляцияға 0,5% үлес қосты. Бағаларға қатысты, біз азық-түлік тауарлары бойынша үлкен өсімді көріп отырмыз. Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,1% өсті. Ең бастысы ет пен жарманың бағасы өсті. Сонымен қатар, ет пен жармаға бағаның өсуі кәсіпорындар бағаны көтере бастаған кезде тұтынушылар сұранысының артуына ғана емес, ең алдымен, бұл әлемдік бағаның артуымен байланысты", - деп атап өтті М.Әбілқасымова.

Алайда, Қазақстанда ет экспорты айтарлықтай өсті және тиісінше ішкі нарықта да бағалар артты. Бұл, Әбілқасымованың айтуынша, бағаның өсуіне үлкен үлес қосқан екі негізгі бап.

"Азық-түлік тауарлары бойынша негізгі жұмыс бөлігі қазір Ұлттық экономика министрлігімен жүргізілуде. Біз ең алдымен ақша нарығындағы ақша құнын реттеу арқылы инфляцияны тежеу үшін шаралар қолданамыз. Біз қыркүйек айында инфляция жыл соңына қарай 6% дәлізге шықпауы үшін базалық мөлшерлемені арттырдық", - деп түйіндеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.


Көзі: yunews.kz