Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды

444

Smiley face

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан көмірінің РФ аумағы арқылы Украинаға транзиті мәселесі бойынша келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан тарапы транзиттің рұқсат етілген көлемін айына 140 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап рұқсат етілген транзит көлемі ай сайын 90 мың тоннадан аспаған.

ҚР сауда және интеграция министрлігі ресейлік әріптестермен осы жылдың жазының соңынан бастап шектеулерді алып тастау жөнінде келіссөздер жүргізді.


Көзі: yunews.kz