Қазақстан мен Беларусь арнайы ұзақ мерзімді даму жоспарын қабылдауға келісті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан мен Беларусь арнайы ұзақ мерзімді даму жоспарын қабылдауға келісті

444

Smiley face

Ақордада өткен брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко екі ел ынтымақтастығының алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

"Соңғы жарты жыл ішінде бұл біздің үшінші ресми кездесуіміз, бұл ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге өзара ұмтылысты білдіреді. Бүгін біз шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргіздік, біз екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқыладық және одан әрі өзара іс-қимылдың бірқатар маңызды аспектілеріне уағдаластық. Ең алдымен, сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырдық", - деді Мемлекет басшысы.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 800 млн долларды құрады. Бұл жақсы үрдіс, бірақ ол жеткіліксіз, деп санайды Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан бұл жұмыс жалғастырылуы тиіс. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың орасан зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, елдер қазіргі көрсеткіштерді арттыруы тиіс.

"Біздің Үкіметтеріміз өзара тауар жеткізуді кеңейту, өзара сауданы арттыру бойынша жұмыс істеуі тиіс. Осыған байланысты біз арнайы ұзақ мерзімді жоспар қабылдауға келістік. Келіссөздерде біздің өнеркәсіптік кооперациямызды күшейтуге ерекше назар аударылды", - деді Қазақстан Президенті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте 8 бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысады. Тараптар аталған компаниялардың тиімділігін арттыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады және ауыл шаруашылығы мен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы 2-3 бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

"Басым бағыт ретінде өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту белгіленді. Яғни, бізде кеңінен ұсынылған және дамыған қарапайым саудадан Беларусь пен Қазақстанда беларустық және  қазақстандық азаматтар жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындарды құрумен кооперациялық байланыстарға көшеміз", - деді Александр Лукашенко.


Көзі: yunews.kz