Шалқып өмір сүргім келеді! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шалқып өмір сүргім келеді!

444

Smiley face

Фото Павлодар қ. ПД

Павлодар қаласының 26 жасар тұрғыны мен оның таныс қызы бірнеше ай бойы Екібастұздағы дәмханалар мен мейрамханаларға барып, қомақты сомаға түскі ас пен кешкі асқа тапсырыс беріп, кейіннен есеп-шоттарын төлеместен қашып кетіп жүрген, деп хабарлайды Павлодар қ. ПД баспасөз қызметі.

Екібастұз қаласының Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Павлодар қаласында облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жас жігіт шілде айынан қазан айына дейін өзінің таныс қызымен бірге Екібастұз қаласына "Лада Приора"маркалы автокөлігімен келіп-кетіп жүрген. Олар кеншілер қаласының көңіл көтеру орындарына – дәмханалар мен мейрамханаларға барып, онда әртүрлі тағам мен сусындарға тапсырыс берген, содан кейін ішкен-жегенінің ақшасын төлемей, қашып кететін болған.

Мекеме иелеріне келтірілген шығын 10 мың теңгеден 35 мың теңгеге дейін құрады. Оның 25 жасар сыбайласының қайда екені анықталуда. Қазіргі уақытта алты факт бойынша ҚР ҚК 195-бабы 3-бөлігі – алдау және сеніміне кіру жолымен мүліктік зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz