Павлодарда белгісіз біреу трамвайдың бүйір әйнегіне оқ атқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда белгісіз біреу трамвайдың бүйір әйнегіне оқ атқан

444

Smiley face

Фото Павлодар ПД

Бүгін сағат 11.36-да Павлодар қаласындағы "102" оператор пультіне Ломов көшесі бойында "Аймауытов" және "Қамзин" аялдамалары арасында Ворушин көшесі бағытында белгісіз тұлға №6 маршрут бойынша келе жатқан трамвайдың алдыңғы әйнегін зақымдап, пневматикалық қарудан оқ атқаны туралы хабарлама келді. Павлодар қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.


Көзі: yunews.kz