Бас прокуратура 26 қазан күні өтетін шеруге қатысудан бас тартуды сұрайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бас прокуратура 26 қазан күні өтетін шеруге қатысудан бас тартуды сұрайды

444

Smiley face

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарды елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) ұйымының арандатушылық үндеулеріне бой бермеуді және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуды сұрайды.

"Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымы (ҚДТ) және оның жақтастарының 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияға қатысуға үндеулері таралуда.  Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр. Олар халықты құқыққа қарсы әрекеттерге итермелейді, бұл адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтіруге, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзуға қауіп төндіреді

Бұл адамдардың қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін іс-әрекеттеріне жол беруге болмайды  және олар шектеуге жатады, өйткені Конституцияның нормаларына және елдің заңдарына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19, 20, 21-баптарына қайшы келеді.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдардың қатысуымен  бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге, олардың рәміздерін пайдалануға, экстремистік материалдарды таратуға жол берілмейді.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен санкцияланбаған наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатаң шаралар қабылдайтын болады.

Заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауапкершілік туралы мәселе қойылады (50 АЕК дейін айыппұл, 15 тәулікке дейін қамауға алу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауапкершілік туындайды (Қылмыстық кодекстің 400-бабы — санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Бас прокуратура құқық бұзушылықтардың алдын алу, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтарды арандатушылық шақыруларға бой бермеуге және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады", - делінген хабарламада.


Көзі: yunews.kz