Батыс Қазақстан облысында екі бала жоғалып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батыс Қазақстан облысында екі бала жоғалып кетті

444

Smiley face

Фото БҚО ТЖД және БҚО ПД

Ақжайық ауданының Жанама ауылында екі ұл бала жоғалып кетті. Олардың анасы ұлдарын соңғы рет бейсенбі күні үш сағат шамасында көргенін айтты. Бес жасар Бексұлтан және екі жасар Нұрислам Орынбасаровтар үйлерінің ауласында ойнап жүрген. Аула ағаш дуалмен қоршалған. Әйелдің жұбайы бұл уақытта жұмыста болған. Үш сағаттан кейін әйел аулада балалардың жоқ екенін байқап, оларды іздеуге шықты. Жарты сағат ішінде оған туыстары мен көршілері қосылды. Алайда, ауыл тұрғындары өз бетімен ешнәрсе таба алмады.  Кешкі сегізден кейін оқиға туралы Ақжайық ауданы Тайпақ ПБ кезекші бөліміне хабарланды.

Smiley face

Фото БҚО ТЖД және БҚО ПД

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен облыстық ТЖД бригадасы шықты. Сонымен қатар, түнде ол жерге БҚО Полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов пен оның жедел жұмыс жөніндегі орынбасары және жедел қызметкерлер мен кинологтардың арасынан арнайы құрылған бригада келді. Олардан басқа балаларды жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер, барлығы 250-ге жуық адам іздеді. Іздестірушілердің бір бөлігі үйлерді аралап шықты – олардың саны 170-ке жуық, ал құтқарушылар кенттен бір шақырым жерде орналасқан Қарасу өзенінен іздеу жұмыстарын бастады. Жұма күні таңғы сағат 11-де судан үлкен ұлдың -  бес жасар Бексұлтанның мәйіті табылды. Бала үйден кеткен киімде болды. Өлімнің себебі сараптамадан кейін аталады. Кіші ұлды іздеістіру жалғасуда.

Ауылдықтардың айтуынша, Орынбасаровтар отбасы қарапайым адамдар, ішімдік ішпейді. Бексұлтан үш апта бұрын бес жасқа толды. Нұрислам бір айдан кейін екі жасқа келеді. Отбасында басқа балалар жоқ.


Көзі: yunews.kz