Атырау қаласында №3 мамандандырылған жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау қаласында №3 мамандандырылған жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

444

Smiley face

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Төтенше жағдайлардың қаупі туындаған кезде халыққа көмек көрсетудің тиімділігін арттыру» барысында Атырау облысы Атырау қаласында 6 шығысқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.

2019 жылғы 25 қазанда Атырау қаласында Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының салтанатты ашылуы болды.

Ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және Атырау қаласының тұрғындары қатысты.

«Жаңа өрт сөндіру депосы кешенінің ашылуы төтенше жағдайларды жоюда Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттырады. Мемлекеттің басты басымдығы және Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті ең алдымен аймақтың аумағында өрттен қорғау және сөндіру, сондай-ақ авариялық құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қауіпсіздікпен ғана емес, сонымен қатар 100-ден астам қосымша жұмыс орындарын ұсынады», - деді Облыс басшысы.

Smiley face

Сондай-ақ облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев ТЖД қызметкерлерін құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге «Алғыс хаттар» табыс етті. ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Өмірзақов Сағынбек Сиратұлы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, жергілікті атқарушы органдарға Департаментке және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне тұрақты материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

Салтанатты ашылу соңында Департамент бастығы облыс әкімі мен қатысушыларды жаңа өрт сөндіру депосының ерекшеліктерімен таныстырды. Мұнда 4 аймақ жасалынған: негізгі, өндірістік, тұрғын және оқу-спорттық. Мұнда өрт сөндірушілерге барлық қажетті тұрмыстық жағдайлар жасалған. Демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдену, жаттығу залы, асхана, душ кабиналары, кең кабинеттер, 119-орынға арналған мәжіліс залы, 30 адамға лайықталған оқу сыныбы бар. Өндірістік аймақ бақылау-өткізу бекетінен, автотұрақтан, екі су қоймасы бар авто жанармай құю стансасынан тұрады. Оқу-спорттық аймағында: оқу-жаттығу мұнарасы алаңы, 100 метрлік кедергі жолағы, баскетбол алаңы және шағын футбол алаңы орналасқан.

Негізгі ғимараттың 3 қабатында 40 адамға есептелген жатақхана қарастырылған. 4 қабатта қажетті үй жиһазбен 7 пәтер бар.

Экскурсия барысында азаматтық қорғау полковнигі С. Өмірзақов қонақтарды жергілікті бюджет есебінен сатып алынған негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасымен таныстырды.

Қорытындысында қонақтар жаңа ғимараттың үй-жайлары өте үлкен, жарқын және жылы екендігін атап өтіп және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне шыдамдылық, даналық, өз міндеттерін абыроймен ар-намыспен орындауды тіледі.


Көзі: yunews.kz