Өзін студентпін деп таныстырған қыз талапкерлерге 300 мың теңгеге гранттар ұсынған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өзін студентпін деп таныстырған қыз талапкерлерге 300 мың теңгеге гранттар ұсынған

444

Smiley face

Алматыда 23 жасар қыз өзін медуниверситет студентімін деп таныстырып,  білім саласында алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды Алматы қ. ПД баспасөз қызметі.

"Білім саласында алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысының тумасы, 1996 ж.т. аз. А. ұсталды. Ол өзін студентпін деп таныстырып, талапкерлер мен басқа ЖОО студенттерін алдап, оларға оқуға гранттар алуға, сондай-ақ тегін оқу формасына ауыстыруға көмек беруге уәде берген.  Қыз әлеуетті құрбандармен таныстары арқылы танысқан.  Өзінің делдалдық "қызметтері" үшін аз.А. әрбір адамнан 250-300 мың теңгеден алған. Қазір осындай алаяқтықтың 10 жағдайы анықталды.  Біздің бөлімшенің тергеу бөлімшесі ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізеді. Күдіктінің құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығын 298-53-02 немесе 8-701-255-22-66 телефондары арқылы хабарласуларын сұраймыз", - деп хабарлады Әуезов ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.


Көзі: yunews.kz