«Менің қысқы дөңгелектерім қайда?» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Менің қысқы дөңгелектерім қайда?»

444

Smiley face

Өскеменнің кезекші бөліміне қысқы дөңгелектерді ұрлау фактісі бойынша 30 жасар жүргізуші өтінішпен келген. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам түстен кейін шиномонтажға кіріп, өз көліктерінің дөңгелектерін ауыстыру үшін қалдырып кеткен. Ал көлігін алып кетуге келгенде дөңгелектерінің жоғалғанын білген.

«Бұған ренжіген иесі бұл туралы тәртіп сақшыларына дереу хабарлайды. Оның шығыны 100 000 теңгеге бағаланды»- деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ізін суытпай 26 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлімі бойынша тергеу амалы басталды.


Көзі: Yunews.kz