Солдат үйіне оралды... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солдат үйіне оралды...

444

Smiley face

Бұл іс-шара жұма, 25 қазан күні Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова мұражайында өтті. Кеңес Одағы Батырының туған күніне орай осында естелік кездесу өтті. Онда «Боевое братство» қоғамдық қорының өкілдері Ақтау қаласындағы Әзірбайжанның Бас консулы Эльмар Мамадовқа Қызыл әскер Вердиев Шахмед Газаұлының медальонын табыс етті.

«Боевое братство» қоғамдық ұйымының құрылтайшысы Гумер Галеев айтқандай, Қызыл Армия солдаты Вердиев Шахмедтің медальонын ақтөбелік іздестіру тобының мүшедері 2000 жылы тапқан болатын. Сол жылы энтузиастар дәстүрлі іздеу жұмыстары үшін Ресейдің Новогородск облысының Парфин ауданына аттанды. 1942 жылы осы жерде қанды шайқастар болған. Кеңес сарбаздары гитлершілдерді жеңді, бірақ бұл жеңіс оларға үлкен бағамен келді. Парфино маңайында тіпті бүгін де қызыл армияшылдардың сүйектері табылуда.

Smiley face

«2000 жылы біз бір шұңқырды қаздық, онда екі сарбаз - әзірбайжандық Вердиев Шахмед пен Тамбов облысынан келген Трофим Агеевтің сүйектері табылды. Олардың медальондарында барлық ақпараттар сақталған: олар қайдан, толық деректері, туған-туыстары туралы мәліметтер болды. Вердиев Шахмед 1942 жылы 20 жасында қаза тапқаны анықталды», деп атап өтті Гумер Галеев.

«Осы ақпарат бойынша біз ұзақ жылдар бойы Вердиев пен Агеевтің туыстарын іздедік. Тек 2017 жылы Әзірбайжаннан бізге хабарласып, Вердиев Шахмедтің туыстары табылғанын хабарлады» деді ол.

Алайда, әзірбайжандық сарбаздың ұрпақтарында Қазақстанға келу үшін қаражат пен мүмкіндіктер болмаған. Ақтөбелік энтузиастардың да жеткілікті қаражаты болмады. 

«Вердиевтің балалары мен немерелері Таулы Қарабақ аумағында тұрып жатыр. Нәтижесінде бірнеше апта бұрын біз Әзірбайжанның Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльмар Мамадовқа жүгіндік, ол Ақтөбеге келуге келісті», - деп атап өтті Ғумер Галеев.

Smiley face

Ақтауда Әзірбайжанның бас консулы Эльмар Мамадов өз кезегінде ақтөбелік іздеушілерге алғысын білдірді.

«Сіздер өте пайдалы іс жасап келесіздер. Біз соғыс тарихын ұмытпауымыз керек және одан сабақ алуымыз қажет», деді Әзірбайжанның бас консулы Эльмар Мамадов.


Көзі: Yunews.kz