Тасқа айналған ағаш - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тасқа айналған ағаш

444

Smiley face

Бірегей олжа Бесоба қорымы орналасқан Тасқопа ауылына жақын Темір ауданында табылған. Онда бірнеше жерлеу орындары бар, олардың бірінде көне ағаш табылды. Оған Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары назар аударды.

Мамандардың айтуынша, ағаштың салмағы 50 кг, ал жасы 65 млн. жылдан кем емес.

Бұл ретте, оны ежелгі сарматтар біздің дәуірге дейін 4 ғасырда пайдаланған. Олар мұның ағаш екенін де білмесе керек.

Қазір жәдігер олжаны ғалымдар зерттеуде. Олар ағаштың тасқа айналу процесінің өзі ұзақ уақыт пен жағдайды талап ететінін атап өтті. Сондықтан, бұл ағаш мұхит түбінде болуы мүмкін деген болжам бар.

Артефакт Темір аудандық тарихи-өлкетану мұражайына сақтауға берілді.


Көзі: Yunews.kz