Халық және бизнес қауіпсіздігі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Халық және бизнес қауіпсіздігі

444

Smiley face

Форумның екінші күні гарнизонның офицерлік құрамы мен Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының ТЖ департаментінің алдындағы алаңда салтанатты сапқа тұруымен басталды.

Жиналғандардың қошеметімен облыс әкімі Оңдасын Оразалин өрт сөндіру қызметінің қажеттілігі үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 8 бірлік техниканың кілтін табыс етеді.

Содан кейін «Тәуелсіз Қазақстан құтқарушыларына» ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Ол төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарға алғашқы болып көмек беріп, олардың өмірін сақтап, жиі тәуекел етіп, ержүрек және батыр мамандық өкілдерін мәңгі есте сақтауға арналған.

Өз сөзінде құрметті қонақтар қойылған ескерткіш өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, азаматтар арасында құтқарушылар мамандығының беделін нығайтуда патриоттық мағынаға ие екенін атап өтті. Ескерткіштің қола мүсіні өрттен баланы алып шыққан 2,5 метрлік жауынгер мүсіні болып табылады. Монументтің жалпы биіктігі - 4,7 метр.

Ескерткіш тақтаға «Тәуелсіз қазақ елінің құтқарушыларына тағзым» деген сөздер жазылған. Ескерткіш Ақтөбе облысы азаматтық қорғау ардагерлер кеңесінің бастамасымен меценаттардың демеушілік қаражаты есебінен орнатылған.

Салтанатты іс-шара соңында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары бастаған форумға қатысушылар мен қонақтар Ақтөбе облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды. Сондай-ақ 2-МӨСБ-де орналасқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына барды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.


Көзі: Yunews.kz